Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ

0
1,335

«Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы еріктілерді дамыту әлеуетін зерттеу» жобасы ерікті қызметінің сапасын арттыру мен мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап іске асты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «DOC.kz» әлеуметтік-волонтерлік орталығының директоры Котельникова Лариса баяндады.

«Ерікті болудың негізгі кемшілігі еш бір есеп беру барысында бұл жұмыстың өз еркімен жасағаны көрсетілмегені. Қоғамдық бірлестіктерде кез-келген жұмысты орындау үшін негізгі әлеует еріктілер болып табылады. Біз еріктілер жұмыс тәжірибеге еңгізуді ұсынамыз», — деді Л.Котельникова.

Зерттеу барысында 825 бенефициар мен 45 сарапшыдан сауалнама алынды. Соның нәтижесінде 48%  жақсы көзқараста, 22% ерікті болу мансаптық өсудің көзі деп есептейді екен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік зерттеудің нәтижесі 10 қарашада Талдықорғандағы Достық үйінде өтетін қорытынды конференцияда жарияланады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

  Жылдың басынан Алматы облысында 8545 бала дүниеге келді. Салыстырмалы түрде айтар б…