Басты бет Саясат АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ

0
1,565

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша инфляция қыркүйекте облыс бойынша 0,7%-ды құрса, ағымдағы жылдың басынан бері– 3,7%-ды құрды. Алматы облысы бойынша жылдық инфляция қыркүйекте 6,9% деңгейінде болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалының директоры Жұмабеков Ернар баяндады.

Сонымен қатар брифингте, Экономиканы кредиттеу туралы да айтылды. Банктердің экономиканы кредиттеуі жалғасып, жыл басынан бері банктердегі экономиканы кредиттеу көлемі 4,4%-ға дейін ұлғайды. Теңгемен кредиттер көлемі 168 201 млн. теңгеге дейін 16,8%-ға өсті, бұл негізінен ұзақ мерзімді кредиттердің үлесінен. Шетел валютасымен берілген кредиттер көлемі 4 151 млн. теңгеге қысқарып, 80,2%-ға төмендеді.

«Салалар бойынша банктердің экономикаға берген кредиттері бойынша көрсеткіштер өзгерген жоқ – берілген кредиттердің ең қомақты сомасы өндірістік емес салаларға, жеке кәсіпкерлікке — 84,0%, өнеркәсіп саласына — 7,6%, саудаға -3,0%, ауыл шаруашылығына -2,8%, құрылысқа -1,8% және көліқ салаларына -0,7% тиесілі болды», — деп қорытындылады Е.Жұмабеков.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құр…