Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 150 ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 150 ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

0
1,921

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, жергілікті жолдарды салу және қайта жаңарту үшін 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

Өз сөзінде Амандық Баталов атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Мәселен,  Қаскелен трассасы, «Алматы-Шелек-Қорғас» және «Алматы-Қапшағай» бағытындағы жолдар. 

Атап өтейік, Алматы облысында туристік объектілерге баратын жолдарды жөндеу үшін көп көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде Көлсай көлдеріне, Ақсай шатқалына және Шонжыға баратын жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жерлер тек қазақстандықтардың ғана емес, шетелдіктердің де сұранысына ие.

Бұдан басқа, облыс әкімі халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Орталық сумен қамтамасыз ету деңгейі 86% құрайды.Айта кету керек, бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

— Ағымдағы жылы 107 жоба іске асырылмақшы. Оған  9,9 млрд. теңге бөлінеді. Осыған орай 18 елді мекен  сумен қамтамасыз етіледі және 80-і таза әрі сапасы жоғары ауыз сумен қолданады, — деп қорытындылады Амандық Ғаббасұлы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Баланың тууын тіркеуде нені білу қажет?

  Жылдың басынан Алматы облысында 8545 бала дүниеге келді. Салыстырмалы түрде айтар б…