Басты бет Саясат «ЭКСПО» ЖОБАЛАРЫНЫҢ АРҚАСЫНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫ 354-ТЕН 16-ҒА ҚЫСҚАРАДЫ

«ЭКСПО» ЖОБАЛАРЫНЫҢ АРҚАСЫНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫС АЛАҢДАРЫ 354-ТЕН 16-ҒА ҚЫСҚАРАДЫ

0
923

Астана қаласында өткен Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінен кейін Алматы облысында 10 заманауи жоба мен оны жүзеге асыру технологиялары таңдалып алынды. Мәселен, «Қалдықтарды басқарудың өңірлік жүйесі» қанатқақты жобасы іске қосылды. Бұл қайталама материал шығаруды 30 %-ке, қоқыс алаңдардарының санын 354-тен 16-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтерді облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс әкімі А. Баталовтың айтуынша, «Рецетиловс» компаниясының ағын суды тазарту кешенін, испаниялық «Молекул» компаниясының жоғары сапалы құбырларын пайдалану, жаңартылған энергия көздері бойынша  Швейцария мен Америка дайындаған «Альпі Үйін», ауаға шығарылатын қалдықтар көлемін шекті деңгейге дейін төмендету бойынша Чжэйзян энергия корпорациясының технологиясын, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу кезінде қолданылатын Хедвигагрупп технологиясын енгізу қарастырылуда.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құр…