Басты бет Өңір тынысы «ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ ХАЛЫҚ ӨМІРІН ЖАҚСАРТАДЫ

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ ХАЛЫҚ ӨМІРІН ЖАҚСАРТАДЫ

0
970

Мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі – әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейін жақсарту. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына көмек көрсету үшін 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ауданда шартты ақшалай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» жобасы іске қосылды. Жобаның басты мақсаты – кедейлік шегінен төмен табысы бар отбасылардың нақты табысын арттыру, оларды өзін-өзі қамту деңгейіне шығаруға ықпал ететін әлеуметтік оңалту.
Соңғы уақытта кейбір отбасылар атаулы әлеуметтік көмекті еш еңбексіз алып, масылдыққа салынған. Сондықтан шартты ақшалай көмек бағдарламасы көрсетіліп, соның негізінде еңбекке атсалысады. Егер азаматтар осы жобаға қатысудан бас тартса, оған атаулы әлеуметтік көмек төленбейтін болады. Бұл жалқауланып алған адамдарды еңбекке тартуға зор ықпал етеді. Біздің ауданға «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысуға өтініш білдірген 93 отбасына 19553,5 мың теңге тағайындалып, қазіргі күнге 14066,9 мың теңгесі төленді. «Өрлеу» жобасына қатысқан отбасылардан еңбекке қабілетті 124 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартылып, жұмыспен қамтылды. Қазіргі күнге жобаға қатысушылардан 27 отбасы мал алды, 1 отбасы мал шаруашылығын дамыту мақсатында қора салып әлеуметтік жағдайлары түзеліп, кедейлік деңгейінен шығуда. Атап айтқанда мысалға Бахар ауылдық округінің тұрғыны Мақсұм Бегәділ «Бауыржан» шаруа қожалығына тұрақты жұмысқа орналасып, «Өрлеу» жобасы бойынша төленген қаржыға бір сиыр алып, отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуда.

Ернар КОДЕКОВ,
«Өрлеу» жобасының консультанты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мектеп ашылды

Шонжыда жаңа білім ордасы өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Үш қабатты ғимарат 900 оқушы…