Басты бет Заң және қоғам ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

0
1,062

«Нұр Отан» партиясы қашанда игі істердің басында тұратын көшбасшы партия екендігін Елбасымыздың өзі топшылаған. Осыған орай қоғамның әрбір қимыл қозғалысы партияның бақылауында тұратындығы ең бірінші заңдылық. Бүгінгі күнде ел экономикасы күшейіп, дамуға қарай қадам жасаған сайын халықтың жағдайы әр үйде кемінде бір темір тұлпарды мініп тұруға мүмкіндік беріп келеді. Сондықтан алпауыт қалаларды былай қойғанда аядай ауданымыздың өзінде-ақ көлік қозғалысының күрделене түскендігі байқалып жатыр. Бұл жағдай жол жүру ережесінің қатаң сақталғандығын талап ететіндігі айтпаса да түсінікті.
Осы орайда биліктің партиясы адам өмірінің және бүлдіршіндердің, оқушылардың жолдағы өмірінің қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, көлік жүргізушілердің жолдағы ережені сақтауға деген жауапкершіліктерін арттыратын тағы бір игі бастаманың мұрындығы болды. Жыл сайын үйреншікті үрдіске айналып келе жатқан «Жолда қабылдау» республикалық акциясын «Нұр Отан» партиясы мен ішкі істер саласы бірігіп ұйымдастырып келеді. Бұл республикалық акцияның негізгі мақсаты – қарапайым халықты құқықтық қолдау, азаматтық қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, құқық қорғау органдарына және әкімшілік полиция қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру және ең бастысы азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру.
Дәл осы республикалық акцияның аясында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі, жол патруль полиция тобының ұйымдастыруымен жоғарыда аталған акция өткен аптада аудан көлемінде өткізілді. Акцияға партияның аудандық филиалы қызметкерлері мен жол патруль полиция тобының қызметкерлері және баспасөз өкілдері атсалысты. Шара барысында ұйымдастырушылар 50-ге жуық азаматпен сұхбаттасып, түрлі заң талаптарына қайшы келетін 15 автокөлік иесіне ескертулер айтып, 5 көлік жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды. Тоқтатылған автокөлік иелеріне акцияның мән-жайы мен мақсаты толыққанды қарапайым тілде түсіндірілді.
Акцияның нәтижесінде темір тұлпарды тізгіндеген тұрғындардың басым көпшілігі жол белгілеріне, жолда жүру ережесіне немқұрайды көзқарас танытатындығы және көлік кұралына тиісті құжаттарының толықтай дұрыстығын қамтамасыз етуге деген жауапкершіліктің өте төмен екендігі байқалды. Қатаң талапқа бағындырып, жүйеге келтірер дәл осындай шаралар үздіксіз жалғасын тапса жауапкершіліктің арта түсетіндігі айқын.

Ақжол ТАШКЕНОВ,
“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының консультанты

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жө…