Басты бет Заң және қоғам ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП

0
909

Елімізде адвокаттар тапшы. Орташа есеппен алғанда 1 адвокатқа шамамен 4000 азаматтан келеді екен. Демек 4000 азаматтың бір ғана қорғаушысы бар. Ал елімізде небәрі 4 жарым мыңдай адвокат бар. Бұл адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар 12 жарым мың азаматтың небәрі 37 пайызы. Тек осынша азамат қана іс жүзінде адвокаттар алқасына кірген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 4 жылдың ішінде адвокаттар саны тек 300-ге ғана өскен. Бұл адвокат атанудың оңай шаруа еместігін көрсетсе керек. Адвокат аттану үшін заңгерлік жоғары білімнің болуы аздық етеді. Адвокаттар алқасында 6 ай немесе 1 жылға дейін тағылымдамадан өтуің тиіс. Тағылымдамадан өтудің жылдық құны – 140 мың теңгеден 280 мың теңгенің көлемінде екен. Сонымен қатар әр аймақта алқаға кіру үшін алғашқы жарна сомасы 800 мың теңге болып белгіленген. Осылайша үміткер адвокат мәртебесін алуы үшін орта есеппен 1 млн теңгеге шығынданады. Міне, осындай кедергілер адвокаттар санының артуына себеп болып отырған жайы бар. Бұл туралы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен «Адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы» заң жобасының нұсқасын талқылау мақсатында өткен жиында хабардар болдық. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Құралбек Бекмұханбетов ашты. Отырыс тізгінін алған аудандық әділет басқармасының басшысы Берік Иманбаев жаңа заң жобасының өзіндік ерекшеліктерін қысқаша түсіндірген соң, басқарманың жетекші маманы Бақытгүл Сабаз баяндама жасады.
Жаңа заңда заң кеңесшілерінің палаталарын құрып, олардың басын біріктіру, сол арқылы берілген құқықтық кеңестің сапасын бақылау, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында «Pro bono» тәжірибесін енгізу қарастырылған. Ол үшін адвокаттарға жылына тегін заң көмегін беру құқығы ұсынылады. Бұдан бөлек, халықтың ішінде адвокаттар үшін тарифтік кесте (еңбекақыны орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және біліктілікке қарай саралау) жасау, сапасыз көмек көрсетілген жағдайда сақтандыру, тіпті сапасыз қызмет үшін жауапқа тарту, Франция, Ұлыбритания, АҚШ елдерінің тәжірибесін қолдану арқылы адвокаттардың міндетті жылдық кәсіби біліктілігін арттыру ісін қолға алу сынды жаңалықтармен толықтырылған жаңа заң жобасы. Мамандыққа кіруді жеңілдету мақсатында жаңа әзірленіп жатқан заң жобасында жарна төлеу мәселесі де алынып тасталынбақ. Бұл адвокаттар санының өсуіне, олардың арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, қаламақыны төмендетіп, олардың кәсіби деңгейін жоғарылатуға ынталандырады деп сенуде мамандар.
Баяндама аяқталған соң ауданның мекеме қызметкерлері тарапынан жаңа заң жобасына қатысты бірқатар сауалдар қойылып, ұсыныс, пікірлер айтылды. Әділет басқармасының басшысы Берік Әділжанұлы айтылған ой-пікірлер арнайы орындарға жеткізіліп, ұсыныстар ескеріледі деп сендірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЗОРЛУҚ-ЗОМБУЛУҚҚА ҚАРШИ ЖАЗА ҺӘҚҚИДӘ

Йеқинда ижтимаий торларда Қазақстан ажришиш бойичә дунияда биринчиләр қатарида туриватқанл…