Басты бет 100 ЖАҢА ЕСІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ. АЛМЫТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҮМІТКЕРЛЕР. ДАУЫС БЕРІҢІЗДЕР!

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЕСІМДЕРІ. АЛМЫТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҮМІТКЕРЛЕР. ДАУЫС БЕРІҢІЗДЕР!

0
2,916

 

Бағдат Айтмұқаева — Қазақстан  Журналистер Одағының мүшесі. 2005 жылғы  «Жазушы, сыншы Сағат Әшімбаев атындағы сыйлықтың лауреаты.

2006 жылы облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2006 жылы  желтоқсанда облыс бойынша  Алматы облысы әкімінің жүлдесін иеленіп, «Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ақпараттық қолдау көрсету» номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп  алды. Қазақстан Журналистері  IV Конгресінің делегаты; Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» ХДП-сы Алматы облысы, Панфилов аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңес мүшесі. 2011 жылы Қазақстан Журналистер Одағының  «Дипломымен»  және облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Облыстағы ақпараттық  саясат саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты насихаттау мен демократиялық  үрдістерді дамыту жөніндегі белсенді, әрі өнегелі қызмет  үшін Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

http://100esim.el.kz/kz/bio/bagdat_aitmukaeva

 

 

Ақан  Жылқышыбайұлы Абдуалиев саналы ғұмырын өнер саласына арнаған азамат. Ол Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әнші, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде, Құрманғазы атындағы ҚҰК ұстаздық қызметтер атқарып, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыка факультетінің «Дәстүрлі музыка орындаушылық» кафедрасының меңгеруші қызметін атқарды.
2008-2009 жж. А.Жұбанов атындағы ҚОМММИ директорының музыка ісі жөніндегі орынбасары. 2009-2015 жж. А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры қызметін атқарды.
2015- 2016 жж. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры.
Алматы облысы әкімінің өкімімен 2016 жылдың 1-ші маусымынан бастап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

http://100esim.el.kz/kz/bio/akan_abdualiev

 

 

 

Жанарбек Әшімжан Садыханұлы

1995-1999 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде білім алды. Тырнақалды туындылары аудандық «Хантәңірі» (бұрынғы «Коммунизм нұры»), облыстық «Жетісу» басылымдарында жарық көрген. 1996-1999 жылдары — қалалық «Алматы ақшамы» газетiнде тiлшi, 2000 жылы — республикалық қоғамдық-саяси «Қазақстан» журналында бөлiм редакторы, 2000-2005 жылдары — республикалық «Жас Алаш» газетiнде әдебиет және саясат бөлiмдерiнiң меңгерушiсi, 2005-2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары қызметтерiн атқарған. 2008 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры болып қызмет етеді. 2003 жылы — Астанада өткен халықаралық «Шабыт» фестивалiнiң «Гран-при» иегерi.

http://100esim.el.kz/ru/bio/zhanarbek_ashimzhan

 

Есей Жеңісұлы – 1978 жылдың 9 қаңтарында Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылында туған. А.Нүсіпбеков атындағы мектептің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Дала мен қала», «Ұлан» газеттерінде, «Қазақстан» телерадио корпорациясында, Президенттің баспасөз қызметінде жұмыстар атқарған. Қазір «Айқын» газетінің тілшісі. «Бір жарық», «Сендер бәрің жақсысыңдар, адамдар!» кітаптарының авторы.

 

http://100esim.el.kz/kz/bio/esei_zhenisuli

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Әмгиги бебаһа инсан

Президентимизниң «Келәчәккә нишан: мәнивий йеңилиниш» намлиқ мақалиси даирисидә елимиздә й…