Басты бет Рухани жаңғыру ҰРПАҚ ИГІЛІГІНЕ АЙНАЛСА…

ҰРПАҚ ИГІЛІГІНЕ АЙНАЛСА…

0
1,224

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы іспетті.
Елбасы еңбегінде елді рухани жаңғырту мәселелерін қозғайды. «Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыртуды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – дейді Елбасы.
Сана-сезіміміз бен дүние танымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылықтарымыздан басталады. Сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.
Елбасы рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ретінде бәсекеге қабілеттілікті ұсынады. Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ұлт көшбасшысы ерекше назар аударып отырғаны бекер емес. Өйткені әлемдік бәсекеге қабілеттілік ұлтымыздың экономика да ғана емес, рухани әлемде де озық болуын қажет етері сөзсіз.
Біздің елімізге, жерімізге деген адалдығымыз, ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз арта беруі керек. Елдің имандылығын, татулығын, тұтастығын, бірлігін ту етуіміз қажет. Құдайға шүкір, дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Енді біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұр. Ол үшін бірлік, білім мен еңбек қажет.

Талғат ҚОЗБЕКОВ,
Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…