Басты бет Спорт ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕ ІХ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ӨТЕДІ

ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕ ІХ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ӨТЕДІ

0
957

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Екі жылда 1 рет еліміздегі оқу орындарының арасында  өткізілетін бұл жарыс биыл 37 спорт түрін қамтып отыр. Соның ішінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 8 түрі бойынша 178 білімгер қатысады.

«ІХ Жазғы Универсиадаға біздің оқу ордамыз бірінші рет қатысайын деп отыр. Осы жарысқа қатысу үшін де біз барлық стандарттарға сай болуымыз керек болды, яғни ол спортшылардың қауіпсіздігі, спорт алаңдарының Универсиада шарттарына сай болуына мән бердік. Жалпы біздің студенттеріміздің 58%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады. Солардың ішінен ең мықтылары іріктелініп алынды. Универсиадаға 8 спорт түрі бойынша қатысамыз. Олар: жағажай  волейболы, самбо, еркін күрес, бокс, садақ ату, ауыр атлетика, дзюдо», — деді І.Жансүгіров атындағы Жетісу

мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы Утегенов Ерлан.

Айта кетейік, ІХ Жазғы Универсиадасының ашылу салтанаты ағымдағы жылдың 11 қазанында Жастар спорт  сарайында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті

Доп додасында 10 команда бақ сынады, деп хабарлайды облыстық AMANAT партиясының баспасөз қ…