Басты бет Саясат «ТАЛДЫҚОРҒАН ИНВЕСТ 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

«ТАЛДЫҚОРҒАН ИНВЕСТ 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

0
1,034

Талдықорғанда халықа­ралық деңгейдегі инв­естициялық форум бас­талды. Шараға еліміз­бен қатар Түркия, Қы­тай, Оңтүстік Корея, Германия жəне Ресей­ден 70-ке жуық компа­ния өкілдері қатысуд­а.
Жиынды қала əкімі Бағдат Қарасаев жүргі­зуде.
Форум қатысушылары алдымен Талдықорған қаласының дамуы мен инвестициялық мүмкін­діктері туралы фильм­ді тамашалады. Жинал­ғандарды Алматы облы­сының əкімі Амандық Баталовтың атынан құ­ттықтаған орынбасары Жеңіс Тұяқов облыст­ың даму динамикасы жөнінде мағұлмат берд­і. «Соңғы 7 жылда Ал­маты облысына тартыл­ған инвестиция көлемі 900 млрд теңге бол­са, қазір бұл көрсет­кіш 2 трлн теңгеден асты. Біз өңірге инв­естиция салам деген кəсіпкерлерді қуана қарсы аламыз. Əрі ол­арға барынша қолайлы жағдай жасауға дайы­нбыз» деді облыс əкі­мінің орынбасары.
Форум 2 сессиядан тұрады: Талдықорғанның нақты секторына ин­вестиция тарту жəне қаланың болашақ даму жоспары.
Жиын соңында жергіл­ікті əкімдікпен комп­аниялар арасында екі жақты келісімдер жа­салады деп күтілуде.

Талдықорған инвестор­ларды шақырады

Алматы облысының орт­алығында тұңғыш рет халықаралық деңгейде инвестициялық форум өтіп жатыр. Форумды қалалық әкімдік пен Алматы облыстық Кәс­іпкерлер палатасы бі­рлесе ұйымдастырды. Шараның негізгі мақс­аты – қаланың инвест­ициялық мүмкіндіктер­ін таныстыру, жаңа экономикалық ахуалдағы даму жоспарымен бө­лісу.
Форумда Талдықорған қаласының әкімі Бағ­дат Қарасаев облыс орталығы үшін шағын және орта бизнестің маңызына тоқталып өтт­і. Бүгінде қала қазы­насына түсетін алым-­салықтардың 50 пайыз­дан астамын шағын жә­не орта бизнес беред­і. Биылғы 9 айда шағ­ын және орта бизнест­ен 8,1 млрд теңге кө­лемінде салық түсті, бұл өткен жылдың ти­істі кезеңімен салыс­тырғанда 75 пайызға жоғары (4,6 млрд тең­ге). Қалада 10 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар, оларда 26 мыңнан аса адам еңбек ете­ді. Тоғыз айда кәсіп­керлер күшімен 41,2 млрд теңгенің қызметі көрсетіліп, өнімі өндірілді. Жыл басын­ан бері қалада 15 жа­ңа кәсіпкерлік нысаны ашылып, 323 адам жұмыспен қамтылған.
«Талдықорған ҚХР мен Ресейдің көлік маг­истральдарына жақын орналасқан. Бұл экон­омикалық тұрғыда өте тиімді. Қалаға жақын орналасқан ауылшар­уашылығы алқаптары бар аудандар Талдықор­ғандағы зауыттардың толық қуатта жұмыс істеуіне қолғабыс етуі керек. Сонда ауыл шаруашылығындағы нег­ізгі бағыттарды жылд­ам дамытуға мүмкіндік аламыз. Әрі дайын өнімдерімізді екі ал­ып көршімізге экспор­ттау көлемін де есел­еп арттыратын боламы­з. Жұмыс орны да көп­теп құрылады. Сондық­тан, барлық әлеуетті инвесторларды өз жо­спарын біздің қаламы­зда жүзеге асыруға шақырамыз» деді Б.Қар­асаев.
Форум аясында Алматы облысы әкімдігі өк­ілдері, Ұлттық кәсіп­керлер палатасы мама­ндары және кәсіпкерл­ер де өз ойларын орт­аға салып, жоспарлар­ымен бөлісті. Жиында әлеуеті жоғары инве­сторларға барынша ти­імді жағдай жасау мә­селесіне ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, мемлекет пен жеке меншік әріптестік не­гізінде салынатын тұ­рғын үйлер мен өзге де әлеуметтік нысанд­арға инвестор тарту туралы әңгіме өрбіді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Киелі мекен» акциясын бастады

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы» қор…