Басты бет Басты ақпарат ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ

ҰСТАЗ – ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ

0
1,865

Ұлы тұлға – ұстаздың тәлімі мен тәрбиесін алып, берген білімімен сусындаған абыройлы азаматтар, шенділер, ғалымдар, ақындар мен жазушылар дүниені шарлап жүргендігі ақиқат. Оларға айтылған «Мектептің жүрегі, бала жанының бағбаны» сияқты теңеулерді де жоққа шығара алмайсың. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұлағатты ұстазымен мақтанады.
Аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз – ұлағатты есім» атты мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын бұрынғыдан өзгеше өтті. Шарын қазақ орта мектебінің театрландырылған қойылымы өткен ғасырлардағы ұлылардан сыр шертіп, мерекелік жиынның тақырыбын аша түсті. Ал Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектеп оқушыларының орындаған «Ұстазым» әні көрермендердің көңілінен шығып, жүректеріне орын тепті. Сахнаның безендірілуі де өзгеше. Барлық көрнекіліктер ұстаздар қауымына арналған. Мерекелік жиында ұстаздарды құттықтау үшін мінбеге көтерілген аудан әкімі Шухрат Нурахунов Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған«Бәсекеге қабілетті ел болу жолындағы біздің басты қаруымыз – білім» екендігін айтып, тәуелсіз елімізді мәңгілік елге айналдыру жолында ұрпақ тәрбиелеп, талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге бар білімді беріп, таудай азамат еткен ұстаздардың еңбегін ерекше бағалап, ауданда ұрпақ тәрбиелеудегі орасан зор еңбегі үшін бірнеше мұғалімге алғыс хаты мен құрмет грамотасын табыс етті. Одан кейін мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Алыстан ат терлетіп келген эстрада әншісі Айбар Серкебаев ұстаздардың құрметіне ән шырқап, тілегін де жолдады. Ал аудандағы мектептердің дайындаған ән мен биі көрермендер жүрегіне жол тартты. №1 Шонжы орта мектебінің оқушылары «Мой учитель» әнін тамылжыта айтса, И.Молутов атындағы орта мектебі шағын орталығының тәрбиеленушілері «Ұйғыр биін» мың бұрала билеп, №5 мектеп оқушылары «Ұстаз» композициясын мұғалімдерге арнап, №4 Шонжы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары «Қос алқа» күйін нақышымен орындады. Ауданымыздың абыройын асқақтатып, беделін арттырып, білім кеңістігіне ерекше үлес қосқан, республикалық, облыстық жарыстарда шәкірттері бірнеше рет жүлделі орындарға ие болып жүрген ұстаздардың есімі аталып, мәртебелері тағы бір рет арта түсті. Әр саланың маманы болған №4 шонжы орта мектебінің кішкентай бүлдіршіндері бал тілдерімен өлең оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Сахна төрінде «Ұстазым» әні хормен орындалып, мерекелік шара өз мәресіне жетті.
Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ол алтын уақытын ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім нәрімен сусындатады. Елдің ертеңі болар азаматтардың өрге қарай қанат қағуына себепші болады. «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат баласы үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!», – деп Елбасымыз атап өткендей әрбір берілген терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ойымыз бен азаматтығымыздың алдаспаны. Ендеше шәкіртін түзу жолға салып, бағыт-бағдар беретін ұстаздардың еңбегі әр уақытта еленіп, беделі арта берсін дейміз.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…