Басты бет Заң және қоғам БІТІМГЕРШІЛІК – ЗАҢ ТАЛАБЫ

БІТІМГЕРШІЛІК – ЗАҢ ТАЛАБЫ

0
1,841

    Аудандық сотта прокуратура,  адвокаттар мен нотариустардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бойынша «Істерді қысқартылған тәртібінде және нотариуспен атқарушылық жазбаларды жасау, медиация тәртібінде қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Судья Руслан Сүлейменов өз сөзінде 2017 жылдың 8 айында аудандық сотымен азаматтық істер бойынша медиация тәртібімен 25, қылмыстық іс бойынша 5, әкімшілік іс бойынша 18 істің қысқартылғандығын айтты. Елбасы Н.А.Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бойынша және бітімгершілік рәсімдерін әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу, пилоттық жобаны іске асыру туралы, істерді қысқартылған тәртіпте қарау және нотариустармен атқарушылық жазбаларды жасау жайын қозғады. Атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптар тізбесі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 135 бабында белгіленген. Сонымен қатар пилоттық жобаның негізгі міндеттері – татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүддесін анықтау болып табылатынын ескертті.
Нотариус Дилшат Даутов өз сөзінде Нотариат туралы заңының 14-1 тармағына сай атқарушылық жазбаларды жасау шарттары негізінде жасалатынын, егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы жауапкершілігінің даусыз екенін растаса, талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе, жасалатынын айтты.
Кездесу барысында істерді қысқартылған тәртіпте, медиация рәсімін қолдану қажет даулар (жанжалдар) санаттары айтылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, оның табысты іске асуына мүдделі екенін жеткізді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЗОРЛУҚ-ЗОМБУЛУҚҚА ҚАРШИ ЖАЗА ҺӘҚҚИДӘ

Йеқинда ижтимаий торларда Қазақстан ажришиш бойичә дунияда биринчиләр қатарида туриватқанл…