Басты бет Мәдениет және руханият ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНДА ЕСКЕЛДІ ЖЫЛКЕЛДІҰЛЫНЫҢ 325 ЖЫЛДЫҒЫНА ЖӘНЕ ЕЛБАСЫНЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНА ОРАЙ «ЕРЛІГІ МҰРА — ЕСКЕЛДІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНДА ЕСКЕЛДІ ЖЫЛКЕЛДІҰЛЫНЫҢ 325 ЖЫЛДЫҒЫНА ЖӘНЕ ЕЛБАСЫНЫҢ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНА ОРАЙ «ЕРЛІГІ МҰРА — ЕСКЕЛДІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.

0
1,089

. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ескелді Жылкелдіұлының 325 жылдығына және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай «Ерлігі мұра —  Ескелді» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Конференция «Ер Ескелді» атты бейнефильммен ашылды. Мұнан соң жиынның ресми бөлігін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ашты. Жиында М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, филилогия ғылымдарының кандидаты Тақтар Әлібеков баяндама жасап, Ескелді бидің әулиелігі, көрегендігі, шешендігі, әділдігі, әскери істі жетік білетін шеберлігі, сыртқы саясатта да салмағы зор ірі қайраткерлігі жайлы кеңінен баяндады. Мұнан соң І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Күлімкөз Сантаева жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы Ескелді бидің ерлігі туралы сөз қозғады. Конференцияда Ескелді Жылкелдіұлының өмірі мен қазақ тарихындағы орны тақырыбында тағы бірнеше ғалымдар сөз алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ғылыми конференцияда жасалған баяндамалардың басы біріктіріліп, арнайы жинақ шығарылмақ.

Жалпы мерейтойлық іс-шара конференция алдында Ескелді бабаның кесенесіне гүл қою рәсімімен басталған. Ескелді бидің 325 жылдық тойы түстен кейін Республикалық ақындар айтысымен жалғасты. Айтысқа халықтың ықыласына бөленіп жүрген Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысқызы сынды суырып салма айтыскерлер шақырылған. Ескелдінің ерлігі мен билігін, көрегенділігін, тапқырлығын жырлаған ақындар жетісулықтардың ықыласына бөленді. Тартысты  айтыстың   бас жүлдесін Сара Тоқтамысова — Семей қаласынан, І орынды Жандарбек Бұлғақов — Алматы облысынан, ІІ орынды Айнұр Тұрсынбаева — Астана қаласынан, ІІІ орынды Сырымбек Сəрсембаев — Атырау облысынан, Ескелді Жылкелдіұлы атындағы арнайы жүлдені Талғат Мықи — Батыс Қазақстан облысынан иеленді. 5 ақын Жалғас Садыр, Арзыгүл Қайыңбек, Сырым Əуезхан, Балғынбек Имашев, Əсет Дүйсебаев белсене қатысқаны үшін ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдар…