Басты бет Мәдениет және руханият ӨНЕР АЛДЫ – ҚЫЗЫЛ ТІЛ

ӨНЕР АЛДЫ – ҚЫЗЫЛ ТІЛ

0
2,510

Сонау 1949 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігін ұйымдастырған, халық өнері мен музыкасын, ауыз әдебиетін насихаттауға зор үлес қосқан, Қазақ КСР-і мәдениет министрі болған ұлт мақтанышы, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист, тіл жанашыры Ілияс Омаровтың «Тіл аса мейірбандықты керек етеді. Қисық тілді шығарма сақау адам секілді кәрі құлақты кеседі, жас құлаққа жаман үлгі болады, балаң авторды үстіртікке үйретеді» немесе «Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі. Дүниеде сөздің дертінен ауыр дерт жоқ, сөздің шарапатынан дауалы шарапат жоқ, сөз тұрлаусыздыққа емес – баяндылыққа, өлімге емес, өмірге қызмет етеді» деген ұлағатты сөздері күні бүгінге дейін еш мағынасын жойған жоқ. Тілдің қасиетін, қадірін сезінген адам ғана өз ұлтын сүйе алады, өз еліне адал қызмет етеді. Мемлекеттік тілді білуге міндеттісің, өз тіліңді ұмытуға қақың жоқ.
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай мектептерде онкүндіктер, әртүрлі шаралар өткізу дәстүрі қалыптасқан. Елімізде тұратын жүзден аса ұлт пен ұлыстың өз тілінде білім алуына, сөйлеуіне еш кедергі келтірілмеуде. Керісінше салт-дәстүрін, тілін сақтауға жағдайлар жасалуда. Біздің ауданда да үш тілді мектептер бар. Баланың тілегімен қай тілде білім алғысы келсе, сол мектепке баруына мүмкіндік жеткілікті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, балабақшадағы сәбилеріміз тілдері анық шықпаса да мемлекеттік Гимнімізді шырқап, титімдей қолдарын кеуделеріне қойып, Қазақстан деген тәуелсіз мемлекеттің ұландары екендіктерін сан мәрте дәлелдеп жатқанда жүрек шіркін атқақтап аузыңа тығылады. Қуаныштан, мақтаныштан. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде таза сөйлеп, ән айтып, өлең оқығанын көргенде тағы да мақтаныш сезімі кеудеңді кернейді. Тәубе дейміз. Қазақ тілінің қаншалықты бай, әуезді, оралымды екендігі осыдан-ақ байқалады. Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесі – бәрімізге ортақ қуаныш. Сондықтан осы күні әр азамат тілге деген құрметін, сыйын танытса дейміз. Тілдер күні әрқайсысының жадында сақталатын, айтулы күндер қатарынан орын алса деген пендауи тілегіміз бар…

Баян
МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдар…