Басты бет Басты ақпарат ЕЛБАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙ МЕМОРИАЛДЫҚ «БАТЫР БАБАЛАР» КЕШЕНІМЕН ТАНЫСТЫ.

ЕЛБАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРЕГЕЙ МЕМОРИАЛДЫҚ «БАТЫР БАБАЛАР» КЕШЕНІМЕН ТАНЫСТЫ.

0
1,140

Елбасы Алматы облысындағы бірегей мемориалдық «Батыр бабалар» кешенімен танысты. Алматы және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Қарасай ауданы Райымбек селолық оркугі аумағында орналасқан, мемориалдық «Батыр бабалар » кешенін тамашалап қайтты. Естеріңізге сала кетейік, «Батыр бабалар»кешені «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті басшылық және меценаттар көмегімен ашылған болатын. Елбасы мемориалдық кешеннің Сақ дәуірінен «Алашорда» хандығы құрылғанға дейін , тәуелсіздіктің орнығуына үлкен үлестерін қосқан әйгілі хандар мен билер, ерлігімен туған жерінің атын шығарған батырлар жайлы экспозицияларымен танысты. Экспозицияның орталық бөлігінде батыр ата-бабаларымызға деген құрметімізді көркемдейтін туындылар көрсетілген. Бұдан басқа, Елбасымызға Қазақстан тарихына кірген тарихи тұлғаларды көрнекі түрде сипаттайтын, басқыншылармен күресте туған жерінің атын шығарған әйгілі хандар, билер мен батырлардың портеттік галереясы көрсетілді. Сондай-ақ, Елбасымызымыз Алматы облысының белсенді тұрғындарымен кездесіп, Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және өңірдің болашағы жайлы сөз қозғады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…