Басты бет Көкжиек АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІРКЕРІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ТЕГІН АҒЫЛШЫН КУРСЫН АШТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІРКЕРІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ТЕГІН АҒЫЛШЫН КУРСЫН АШТЫ

0
2,626

Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Бүгінгі таңда балалардың жан-жақты дамуы маңызды рөл атқарып отыр. Осы мақсатта Талдықорғандық жас отбасы Мансұр мен Мадина Құрманғалиевтар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ағылшын курсын ашып,  жұмыс істеп жатыр.


Курста қазіргі таңда 10 бала оқып жүр. Олар екі шағын топқа бөлінген.  Оқытушылар балалардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс жасайды. Балалардың оқу үшін барлық жағдайлары жасалған. Олар тек жазбаша ғана емес берілген тапсырманы ауызша, ойын түрінде қабылдайды.

«Осы тегін курсттың арқасында балалар тек шет ел тілін үйреніп қана қоймай, сонымен қатар бір-бірімен араласып, топпен жұмыс жасауды үйренеді. Бұл балалардың болашағының зор болуына, мүмкіндіктерінің көп болуына септігін тигізеді деп ойлаймын », — деді ағылшын тілі мұғалімі Мадина Құрманғалиева.

Сабақ аптасына 2 рет 40 минуттан өтеді. Онда 2 жоғарғы білімі бар білікті мамандар сабақ береді.  Ұстаздардың айтуынша жылдың соңына дейін 30 бала оқыту жоспарланып отыр. Курсқа жазылу үшін 87782863557 нөміріне хабарласуға болады

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА ӘДІС – БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ЖОЛЫ

М.Жалилов атындағы Кетпен орта мектебінде «Альфа ұрпақтарын оқыту әдістері» бойынша семина…