Басты бет Денсаулық МАҚСАТ — ҰЛТТЫҢ САУЛЫҒЫ

МАҚСАТ — ҰЛТТЫҢ САУЛЫҒЫ

0
783

Әр адамның денсаулығы өз қолында. Оны сақтау, қорғау, ауру-сырқатқа ұшыратпау да өз билігімізде. Жыл сайын дәстүрлі түрде 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Денсаулық» фестивалі өткізіліп келеді. Бұл дәстүрден биыл да жаңылмадық. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионында дәрігерлер, мұғалімдер, колледж студенттері, мектеп оқушылары бас қосты. «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орайластырылып өткізілген шараның мән-мазмұнын аудандық аурухана кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Тохтахунов түсіндірді. Дене белсенділігі – қуатты шығындауды талап ететін қозғалыс, оны «жаттығу» түсінігімен шатастыруға болмайды. Яғни адам қаншалықты көп қимылдаса соншалықты шымыр болады, денсаулығы жақсара түседі дегенді жеткізді. Ал бүгін біздегі басты проблемалардың бірі дене белсенділігінің төмендеуі. Бәріміз смартфондар мен интернетке тәуелділікке ұшырадық. Тамақ ішеміз де қимыл қозғалыс жасамай жантая қалатын әдет тапқанбыз. Осының бәрі денсаулыққа кері әсерін тигізіп, әртүрлі қан қысымы, жүрек ауруларына ұшыратып отырғандығын да тілге тиек етті. Тек «Денсаулық» бағдарламасы емес, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының да түпкі мақсаты – ұлттың саулығы, салауатты өмір салтын ұстану екендігін де жеткізді көпшілікке.
Биылғы акцияның ұраны «Жүру – зиян емес, жүрмеу – зиян» деген жаяу жүру марафонымен басталды. Акцияға келгендердің бәрі де орталық алаңнан спорт мектебіне дейін жаяу жүріп, әртүрлі флешмобтар орындады. Сонан соң «Салауатты рух» ұранымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Фестиваль қорытындысында Бақытжан Ілиясұлы акцияға қатысушыларға жүрекжарды жылы лебізін жеткізіп, белсенділік танытқандарға аудандық аурухана бас дәрігерінің мақтау қағаздарын табыс етті.

Ульян МОЛОТОВ,
салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің валеологы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаһандық сауалнама жүргізу туралы ақпараттық хабарлама мәтіні «Құрметті тұрғындар!

Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 11 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Денсаулық сақтау…