Басты бет Жастар саясаты ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

0
1,183

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында «Жас Отан» жастар қанатының аудандық бөлімшесінің кезектен тыс ІҮ конференциясы өтті. Конференцияда бірнеше мәселе қаралып, жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстары талқыланды.
Конференцияда сөз тізгінін ұстаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров конференцияға қатысушылармен таныстырып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерге тоқталды. Одан кейін сөз кезегін алып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы 2017 жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұйымдастырылған іс-шараларды жіпке тізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалардың іске асуына жастардың қосқан үлесі туралы да есеп беріп, аудандағы бөлім, мекемелермен бірлесе отырып атқарған шараларға тоқталды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы жобаларды іске асыру, жастар арасында насихаттау, ұлттық рухты есте сақтау сияқты мәселелерді сөз етті. Атқарылған жұмыстардың есебінен кейін талқылауға шыққан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сарапшы маманы Сымбат Туглукова, аудандық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісі Артем Коммунаров, Шонжы политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Тегісбаевалар қанағаттанарлық деген баға беріп, Мемлекет басшысының мақаласы турасында ойларын жеткізді. Конференция барысында «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің жұмысына ризашылық танытып, алғыстарын айтқан аудандық мәслихаттың депутаты Кәрібай Қожағұл, №5 Шонжы орта мектебінің директоры Мухаметжан Исмаиловтар қосымша ұсыныстарын білдіріп, барлық жастармен тығыз байланыс орнатуды сұрады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе Алматы облыстық есептік-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау болды. Бұған конференцияға қатысушылардың барлығы «Жас Отан» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің төрағасы Нұрсұлтан Болатұлының кандидатурасын ұсынып, бірауыздан мақұлданды. Конференцияда барлық мәселелер қаралып болғаннан кейін негізгі баяндамада, жарыссөзде айтылған пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, қаулы қабылданды. Аудандық жастар ресурстық орталығының жұмысынан алдағы уақытта да зор нәтиже күтетіндіктерін айтып, конференцияға қатысушылар тарқасты.

Думан
ТОЙҒАЗЫҰЛЫ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

Мемлекеттің мүддесі жолында, халықтың игілігі үшін аянбай еңбек ету, артылған ауқымды жауа…