Басты бет Заң және қоғам КЕДЕНДЕГІ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

КЕДЕНДЕГІ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

0
273

«Қалжат» кеден бекетінде кәсіпкерлер облыстық прокуратураның қызметкерлерімен кездесіп, кедендегі біршама мәселелерімен бөлісті. Шекараның жайы жақсы болғанымен, кедендегі түйіні тарқатылмай тұрған бірқатар күрделі мәселелер баршылық. Оған себеп Қытай мен Қазақстандағы кеден бекеттерінің уақытының сәйкес келмеуі. Сонымен қатар «Қалжат» кеден бекетіндегі құрылыс жұмыстарының толық аяқталмағандығы.


Кездесу барысында ең алдымен сөз тізгінін ұстап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндаған «Алтынкөл» кеден бекетінің басшысы Мади Базаров жұмыс барысында кемшіліктердің де бар екендігін жасырмады. Бүгінгі күнде шешімін таба алмай отырған мәселелер турасында да ақпарат беріп, Елбасының 100 нақты қадам жоспары бойынша кеденге міндеттелген тапсырмалардың жүйелі орындалып жатқандығын алға тартты. Сонан соң кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жүк көліктерін уақтылы кеденнен өткізу қиындықтары мен уақыт сәйкестігінің жоқтығы, ғаламтор желісінің әлсіздігінен жұмыстың қол байлау болып отырғандығы, бес күндік жұмыс жоспарының құрылуы сияқты мәселелерді прокурорлар назарына қойды. Аталған мәселелердің шешімі алдағы уақыттарда біртіндеп табылатындығына сендірген облыстық прокуратураның аға прокуроры Таир Важитов әр салада түрлі проблемалардың болатындығын айтып, кәсіпкерлерді шыдамды болуға шақырды. Сонымен қатар «Қалжат» кеден бекетінің әкімшілігінің назарына ұсынылған мәселелер де аз болған жоқ. Солардың бірі – жүргізушілерге арналған шылым шегетін орын. Бұл кеден аймағының қоқысқа толуына, мәдениеттіліктің сақталмауына әкеліп соғуда дейді кәсіпкерлер. Қазіргі таңда әлі күнге дейін құрылыс жұмыстары толығымен аяқтала қоймаған кеден аймағының қай бөлігіне ненің орналасуы керектігін ретке келтіру қиындық тудырып отырғандығын айтқан «Алтынкөл» кеден бекетінің басшысы Мади Базаров болашақта келушілерге арналған асхана да, дүкен дүңгіршектері де орналастырылатындығын жеткізді. Бірақ бұлардың барлығына уақыттың қажет екендігін ескертті. Сол сияқты біршама мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар қайтарылды. Ал облыс прокурорлары тарапынан ғимараттың сыртына кәсіпкерлерге арналған сенім телефонының қойылуы керектігін, ол сенім телефоны аудандық прокуратура арқылы жұмыс жасау қажеттігін ескертті. Кездесуден соң құрылыс жұмыстарымен, кеденнің тыныс-тіршілігімен танысқан прокурорлар оң бағасын беріп, істеріне сәттілік тіледі.
Алпауыт Қытай мемлекетімен сауда-саттықты жалғаған «Қалжат» кеден бекетінде толассыз кезек күтіп тұрған жүк көліктерінің саны жетерлік. Олардың барлығы шекарашылардың одан кейін кеден қызметкерлерінің тексеруінен өтіп, сапарларын жалғастыруда. Барлығы да жаңа технологиямен жабдықталған кеденнің тынымсыз тіршілігі ұқыптылық пен сақтықты басты назарға ұстап отыр. Дегенмен жоғарыда аталған мәселелердің шешімі табылар болса, кеденнің жұмысы одан әрі жүйелене түспек.


Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТIК ФУНКЦИЯЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА УӘКIЛЕТТIК БЕРІЛГЕН ТҰЛҒАҒА ЗАҢСЫЗ СЫЙАҚЫ БЕРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Д. ауылының орта мектеп директоры ауданның білім бөлімі басш…