Басты бет Әлеумет ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

0
1,736

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасының аясында «Отбасымның қызықты бір күні» атты үздік бейнероликтер сайысын ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты – отбасындағы татулықты, бірлікті насихаттау, үлгілі отбасылардың мерейін асырып, басқаға үлгі ету.


Аталмыш сайыстың шарты – отбасылық өмірдің бір күндік бейнесін таспаға түсіріп, өнерлерін ортаға салу, отбасымен бірігіп бейнероликті таныстыру болды.
Сайыста әділдік танытып, қазылық еткен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Мөлдір Құрманалиевалар сайысқа қатысушылардың әр бейнеролигіне ерекше мән беріп, таныстыру шеберліктеріне қарап бағалады. Әр ауылдық округтен келген отбасы шаңырақтарының шаттығын, берекесін, мерекесін барынша суреттеуге тырысқан. Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық сияқты дүниелерді де көрініс барысында байқауға болады. Жарыс болған жерде жеңу мен жеңіліс қатар жүретіндігі айдан анық. Барлығы да барын салып дайындалған. Басқаларға үлгі боларлықтай жанұялар. Осылайша сайыстың қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаз деп танылған – Идрисовтар отбасы жеңіс тұғырына шықты. Ал екінші орынды – Абдуллаевтар иеленсе, үшіншілікті – Тұяқбаевтар отбасы қанжығасына байлады. Олардың барлығы бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сайыстың жеңімпазы атанған Мария Василийқызы алғысын жаудырып, «Отбасылық өмірдің бір күндік естелігін бейнетаспаға жазудың өзі біз үшін ұмытылмас сәтке айналды. Балалармен табиғат аясына арнайы шығып, бейнероликке түстік. Партияның ұйымдастыруымен өткізілген бұл естен кетпес сайыс әрбір отбасына ұмытылмас естеліктер мен отбасылық құндылықтардың қаншалықты биіктігін тағы бір мәрте дәлелдеп бергендей. Нұротандықтарға осындай мейірімді шараға мұрындық болғаны үшін алғысымыз шексіз. Ең бастысы – балалардың қуанышты күлкісі мен бал-бұл жанған жүздерін көру бақытына кенелдік», – деген ойын жеткізді.
Әр отбасы бақытты өмір сүруге лайықты. Ол үшін шағын отандағы береке-бірліктің, ынтымақтың сақталғандығы маңызды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Отбасымның қызықты бір күні» атты шарасына қатысқандардың барлығы талай жыл отасып, шаңырақтың бақытын сақтаған отбасылар. Тіпті олардың арасында қазаққа келін болған орыс ұлттары да бар. Біз бұл жерден отбасын құрғанда қандай нәсілде, ұлтта не болмаса дінде тұрған кедергілердің жоқ екендігін байқадық. Отбасының сақталуы ең бастысы – сыйластық, одан кейін ауызбіршілікте екендігін түсіндік.


Думан Сартбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.