Басты бет Саясат КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

0
1,330

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мамандары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, мемлекет тарапынан берілетін көмектің уақтылы жүргізіліп жатқандығын анықтап, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша талқылау жасады.


Жарық дүниеге мүмкіндігі шектеулі болып келген жандардың қал-жағдайларын біліп тұру кім-кімнің болмасын міндеті. Ал оларға қол ұшын созу, көмек көрсету басты міндет. Соған қарай мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстар да, жақсылықтар да аз емес. Олар да қоғамның бір мүшесі, әрі тірегі. Қабілетіне, икемділігіне қарай олар да қоғаммен тығыз байланыс орнатып, елмен араласып, жұмыс жасаулары керек. «Кедергісіз келешек» партиялық жобаның да мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмір сүру сапасын арттыру. Жобаның аясында жүргізілген жұмыста қосымша мәселелер де қаралып, партия тарапынан сұралған көмектер назардан тыс қалдырылмады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығы мемлекеттің қолдауына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып жатты. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы жайында қосымша ақпарат беріп, мүмкіндігінше жұмыспен қамтамасыз ету жолын қарастыратындығын жеткізді. Тағдырдың басқа салғанына көнген жандардың қайратты да, жігерлі екендігі он екі мүшесі сау адамдарға қарағанда екрекше байқалып тұрады. Олардың өмірге деген көзқарасы, талпынысы ерекше. Ендеше талпыныстары талай шыңдарды бағындырып, асулардан асатынына сенеміз.
Думан
САРТБАЕВ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Киелі мекен» акциясын бастады

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы» қор…