Басты бет Мәдениет және руханият АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ

АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ

0
3,374

Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының жоспарына сәйкес, Сұңқар ауылында облыстық «Ауылым –– алтын бесігім» атты байқауы өтті.
Талапқа сай облыстан келген қазылар мүшелері ең алдымен клубтың құжаттарымен, әр қызметкердің жұмысымен етене танысты. «Ел іші –– өнер кеніші» атты арнайы жасалынған іс-шарамен, Астана күніне орай ауыл кітапханашысы Мубакаева Арунаның дайындаған «Әсем қала – Астана» атты кітап көрмесін аралады. Сонан соң «Ауылым – мақтанышым» атты жүректен шыққан арнауды тыңдап, ризашылықтарын білдірді. Қонақтар арнайы орындарына жайғасқан кезде Сұңқар ауылының көрікті жерлерінен экран арқылы бейнебаян көрсетілді.
Әдемі музыка әуенімен сахнаға кеш жүргізушілері шығып, ауыл жайлы өлең шумақтарын оқып, байқаудың басталғаны туралы хабарлады. Ата-бабамыздың салт-дәстүрін болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында дайындаған «Аруана» ақ жаулықты әжелер ансамблінің «Құрсақ шашу» атты қойылымы байқаудың ажарын аша түсті. Әжелердің орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің «Ауылым» әні көпшіліктің көңілін бірден баурап алды. Камалова Бақтинұр мен Мамырқан Сезім қазақ биін кемеліне келтіріп орындаса, Берікжан әулетінің ұл-қыздары көпшіліктің көңілін әсем әнмен тербеді. Астанаға «Экспо-2017» көрмесін тамашалауға барған ауыл қыздарының туған жерге деген сағыныштары шағын сахналық қойылым арқылы жеткізіліп, ауылдың жырақта жүргенде қаншалықты ыстық болатындығын тағы бір дәлелдеген ұтымды көрініс болды.
Ән әуелеген байқаудың соңын ауыл өнерпаздары Н.Тілендиевтің «Өз елім» әнімен аяқтады. Байқау соңында облыстан келген қонақтар кішкентай бүлдіршіндердің өнерлеріне риза болып, клуб қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тілеп, «Аруана» әжелер ансамбліне үлкен рақметін айтты. Бір сөзбен айтқанда, сәні мен салтанаты жарасқан байқауға сұңқарлық өнерпаздар бар күш-жігерлерін сарп етті. Болашақта да қазақтың атын шығаратын талантты ұл-қыздарымыз көп боларына сенеміз. Ауыл мәдениетін көтеріп, дарындыларды халыққа таныту – біздің міндетіміз.


Жанар САЛИМОВА, 
Сұңқар ауылдық клубының әдіскері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдар…