2020 жылдың 17 ақпанында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, ақпанның 20 бастап, Қытайдан келген Қазақстан азаматтары ауруханада оқшауланып, 14 күнге карантинге жіберіледі. Содан соң, тағы 10 күн тұрғылықты мекен-жайы бойынша ақ халаттылардың қатаң бақылауында болмақ. Тексеру кезінде ауру белгілері байқалған науқастар бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылып, 14 күн бойы бөлек бөлмеде оқшауланады. Қазір біздің елдің шекара …