Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) басты идеясы күллі қазақстандықтар үшін білім алуды мейілінше қолжетімді ету. Мемлекет өз тарапынан бізге балаларымыздың болашақта білім алуына алдын ала қаражат жинақтауға керемет жағдай жасады және бүгінде көптеген адам осы мүмкіндікті пайдалана бастады.Бүгінде бағдарлама идеяны «AQYL»деп аталатын нақты брендке, тұжырымдамаға, фирмалық стильге айналдырып отыр. Адамның ой-өрісі, жоғары құзыреттілігі, бәсекеге қабілетті білімі, «өмір бойы» үздіксіз …