Онда сізге келесі ақпарат өте пайдалы: SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Жеке кабинетке сіз интернет-ресурстың басты бетінен немесе SMS-те көрсетілген сілтеме бойынша ауыса аласыз. Ары қарай келесідей алгоритм бойынша әрекет етеміз: Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз; «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін (паролін) дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті …