Ұйғыр ауданында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» акциясы басталды. Халықпен кері байланыс орнату, тұрғындардың сұрақтарына жауап беру мақсатында өткізілетін іс-шараға орай аудандық Полиция бөлімінің бастығы полковник Шыңғысхан Сабуров бастаған қызметкерлер аудан орталығының тұрғындарымен кездеседі. Үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған акция 13-14 қыркүйек күндері республика көлемінде өткізіледі. Өздерінің көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, мазалаған ойларын айтып, сонымен қатар кеңес …