Қоғамдағы әрбір жаңалық – еліміздің болашағы толғандыратын, өзінің, отбасының келешегін ойлайтын әрбір адамға маңызды деп есептеймін. Кейінгі уақытта қоғамдық өмірдегі үлкен талқыға түсіп отырған тақырыптың бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Латын әліпбиіне көшу – Елбасының аса бағалы бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған, тіліміздің болашағы үшін жасалған қадам. Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін латын …