Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл 74 жыл толды. Бұл алапат соғыс тарих бетіне ешқашан өшпейтін із қалдырып, талай жанның жүрегіне үлкен сызат түсірді. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың, Отан үшін отқа түскен батырларымыздың ерлігін, тылда жүріп, жеңіс туын жақындатқан ата-апаларымыздың еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болмақ. …