Халық қаһарманы. Екі ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Еліміздің ірге тасының қалануына үлестерін қосып, халықтың ықыласына бөленген тұлғаларға берілетін даңқты атақ. Бауыржан Момышұлы, Қайрат Рысқұлбеков, Тоқтар Әубәкіров сынды нар тұлғалы азаматтар иеленген атақты бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев иеленіп отыр. Отыз жылға жуық ел басқарған уақытта шекарамызды бекітіп, астанамызды салуға, төл теңгеміздің дүниеге келуіне мұрындық болды. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын …