Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мектебімізде оқушылар арасында кеңінен насихатталып жатыр. Кез келген кешімізде, тәрбие сағаттарында баланың бойына жақсылық дәнін сеуіп, оның рухани жан дүниелері тарихи тұлғаларымыздың өнегесімен толығуларына және өткеніміздің әр соқпағын тарих беттеріндей жеткізуді мақсат етіп қойдық. Сондықтан әр сабағымызды бастамас бұрын рухани құндылықтар жайында әңгімелеуді дәстүрге айналдырдық. Мектеп директоры Махаметжан Исмаиловтың мұрындық болуымен, …