Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысындағы жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесіп, факторлы-балдық жүйе мен бонустар негізіндегі мемлекеттік қызметшілердің жаңа еңбекақы төлеу туралы айтып өтті. Өз сөзінде А.Шпекбаев қызметкерлердің жалақысын 2 есеге арттыру және орталық пен өңірлер арасындағы жалақы айырмасын 70%-дан 10%-ға дейін төмендетудің оң нәтижесін атап өтті. «Өзгерісті өзіңнен баста» қағидасы …