Шарын орта мектебі 2016-2017 оқу жылының желтоқсан айынан бастап «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғылыми кеңесінің шешімімен «Мәңгілік Ел құндылықтары – мектеп оқушыларының құзыреттілігін дамыту шарты» тақырыбында эксперимент алаңына кірген. Бұл экспериментке облыстың 7 ауданы мен 1 қаласынан жалпы 12 мектеп қамтылған. Эксперименттің зерттеу базасы ретінде белгіленген базалық мектептердің үйлестірушісі «Басқару және білім …