Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық жастар ресурстық орталығының коммуналды мемлекеттік мекемесінің директоры Жаксикельдинов Бахтияр хабарлады. «Жеңіс шыңы» жобасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-ана қамқорлығынан айырылған азаматтар арнайы оқу-курстарын тегін түрде оқи алады. Оқып келген білімгерлерге кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен байқау жарияланып, анықталған жеңімпаз жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, аталмыш жоба қабілеті бар, бірақ дипломы жоқ азаматтарды басқа мекемелерге жұмысқа орналасуына үстемдік …