Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара ашылғаннан бастап қандастарымыз бірінен соң бірі тарихи отанына ағылып көшіп келіп жатты. Жай келген жоқ ұмыт болған ұлттық құндылықтарымызды жаңғырта келді. Солардың бірі – Зорагүл Орынбасарқызы. Он үш жыл бұрын ауданымыздың Қырғызсай ауылына қоныс тіккен екен. Қытайдағы кәсіптік мектебінде тігінші мамандығында білім алып, іс тігуді отбасының табыс көзіне айналдырған. Он екі жылдан бері ауыл тұрғындарының …