Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Алматы облысының кубогы өтті. Мыңдаған жылдық тарихы бар, ой-өрісіңді дамытып, қабілетіңді ашатын зияткерлік ойын саналатын тоғызқұмалақ бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жақсы дамыған. Соның айқын белгісі болар, бұл жарысқа да Алматы олысының 8 ауданынан жүзге тарта жасөспірім балалар қатысып, бақтарын сынады. Жасөспірімдер арасында Алматы облысының кубогының ашылу салтанатында сөз алған Алматы облыстық бұқаралық-спорттық …