Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарынан жиі еститін жаңалығымыз – парамен ұсталыпты, мемлекет қаржысына қол салыпты, жемқорлыққа жол беріпті. Кейде жаның түршігеді. Қолында билігі бар азаматтардың осындай өрескел әрекетке барғандарына ұяласың. Жеткілікті жалақысы бар, мемлекеттік қызметші деген дардай аты бар адамдардың осындай теріс қылықтарын естігенде, әрине, қысыласың. Өзім мемлекеттік қызметшімін. Жұмысымыз қаржыға байланысты. Қолма-қол болмаса да бюджеттің қаржысын мақсатты жеріне …