Бас ауырып, балтыр сыздаса барар жеріміз аурухана. Жанымызды қоярға жер таппай жатқанда дертіңе дауа болатын, сырқатыңа ем қондыратын дәрігерге жүгінетіндігіміз өмірдің айнымас заңдылығы. Осы заңдылыққа сәйкес тіршілік атаулымен бірге пайда болып, өркениетпен бірге бірге өркендеп келе жатқан дәрігер дейтін мамандық бар. Адам жанының арашасы болатын антына адал, ісіне жауапты осы бір мамандық иелері қоғамның қай кезінде болмасын үздіксіз сұранысқа ие …