«AMANAT» партиясының аудандық конференциясында облыстық конференцияға, ал облыстық конференцияда кезектен тыс XXV съезіне делегат болдым. Әуелгі ой, СССР кезіндегі партия съездеріндегідей көбік сөз, көпірме бағдарламалараға толы партия хатшысының 2-3 сағатқа созылатын мылжың баяндамасын тыңдап, жарамсақ қол шапалақтауларға шомылып қайтармыз еді. Екіншіден «Жаңарған, әділетті Қазақстанды» «Нұр Отанның» шекпенінен шыққан «Аманаттың» съезі «Әділетті Қазақстанды, Жаңарған қоғамды» қалай құрамыз дер екен деген әуестік …