Бүгін ауданымыздың ең көрікті демалыс орындарының бірінен саналатын «Сегіз көл» кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Талғар-инвест» жерлестер форумы өтті. форумның негізгі мақсаты ауданымыздың белсенді азаматтарының басын қоса отырып, ауданымыздың экономикалық даму көрсеткіштері мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін, атқарылып жатқан ауқымды істемен жұртшылықты таныстырып, ел дамуына бағытталған инвестициялық жобаларды бірлесіп атқаруға ұсыныс жасап, туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне көпшілікті жұмылдыру болды. …